Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +15...+17°C.
Алматыда күн ала бұлтты. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C. Күндіз жаңбыр жауады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
