Жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді.
Семейде қауіпті дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
130
оқылды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында семейлік полицейлер BMW 520 автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбаны анықтады, — деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны Илья Займидорога болып шықты. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.