Қазақстан құрамасы 15 қазанда Жапонияға қарсы ойнайды.
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады
Фото: ҚР ҰОК
140
оқылды

15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жарысқа Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда үш кездесу өткізеді.

Қазақстан құрамасы 15 қазанда Жапонияға қарсы ойнайды. Одан кейін 17 қазанда Қытаймен, 18 қазанда Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.