Өтініште көшеде су жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін жолды қалпына келтіру қажеттігі, сондай-ақ көшенің тар болуына байланысты автокөліктердің қозғалысы жаяу жүргіншілер мен мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне кері әсер ететіні айтылды. Сол себепті көлік қозғалысын біржақты ұйымдастыру үшін тиісті жол белгілерін орнатуға ықпал ету сұралды.
Тұрғындардың аталған өтініші бойынша облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаевтың жетекшілігімен жолды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшылығымен, сондай-ақ жол қозғалысын реттейтін белгілерді орнатуға жауапты органдардың өкілдерімен байланыс орнатылып, сұрақ партиялық бақылауға алынды.
Нәтижесінде, тұрғындардың көтерген мәселелері толық шешімін тауып, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысын реттеуге қажетті жол белгілері орнатылды.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
