«Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйым­дастыруымен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзиялық жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қабілеттерін дамытуға, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және қоғамдағы белсенділігін қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Әр балаға мүмкіндік сыйлайтын жоба
123
оқылды

Жобаның басты мақсаты – әр баланың бойындағы ерекше қабілетті танып, оны дамытуға жол ашу, балаларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау және қоғамда тең мүмкіндік қағидатын нығайту. Әр баланың бойында ашылмаған талант, өзіндік ерекшелік пен үлкен әлеует бар. Ең бастысы – сол қабілетті байқап, қолдау көрсету. Осы тұрғыдан алғанда, «Тең мүмкіндіктер» жобасы балалардың өзіне деген сенімін арттыруға, жаңа белестерге ұмтылуына және қоғамдық ортаға белсенді араласуына ықпал ететін маңызды бастама.

«Әділет» партиясы үшін инклюзия – жай ғана ұғым емес, қоғамның әрбір мүшесіне құрметпен қарап, ешбір баланы назардан тыс қалдырмауға бағытталған маңызды ұстаным. Балалардың қабілетін шыңдау, олардың шығармашылық және зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту, ата-аналарға қолдау көрсету – әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі. «Тең мүмкіндіктер» – тең көзқарас, шынайы қолдау және жарқын болашаққа бастайтын жол.

Партияның облыстық филиалы осындай әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау арқылы балалардың әлеуетін ашуға, олардың қоғамдағы орнын нығайтуға және әрбір отбасы үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға мүдделі.

Бекбол АМАНГЕЛДІ