Оқиға 12 қазан күні сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешенінде болған. Қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні қабылдаудан бас тартқан. Бұған наразы болған ол жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескертулерге қарамастан, ол қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы Аяжан Жұманқұлова болып шықты.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Полиция азаматтарды қандай да бір келіспеушілік туындаған жағдайда мәселені заң аясында шешуге шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзып, өзгені балағаттауға жол берілмейді.
