Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы өмірден өтті, - деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы Instagram желісінде хабарланды.
«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – деп жазылған жазбада.
Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
