Актер Абай Асылхан актриса Жанель Мақажанмен ажырасқанын растады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Instagram парақшасында жариялаған жазбасында бұл шешімге екеуі келгенін, сырттан ешкім араласпағанын айтты. Сонымен қатар кейбір мәселелер заң аясында шешіліп жатқанын атап өтті.
«Иә, Жанель екеуміздің ерлі-зайыптылық қарым-қатынасымыз аяқталды. Біз бірге бес жыл өмір сүрдік. Бұл кезеңде қуанышты сәттер де, қиындықтар да болды. Мен үшін бұл шешім өте қиын болды. Бұл екеуміздің бірдей шешіміміз болды, сырттан ешкім араласпады. Оған амандық пен жақсылық тілеймін. Ол — балаларымыздың анасы, сондықтан өзара құрметті сақтауды маңызды деп санаймын. Балаларымның алдындағы әкелік жауапкершілігімді әрі қарай да атқара беремін», — деп жазды Абай Асылхан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
