Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жыл 14 қазанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал батыс аймақтарда кей жерлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Астанада: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы — 7–12 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +14…+16°C.
Алматыда: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.
Мамандар ауа райының өзгеруіне байланысты таңертең және кешке жылы киінуге кеңес береді.
Дауылды ескертулер сақталады:
14 қазанда Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
14 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 қазанда Қызылорда облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 14 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
14 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 14 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
14 қазанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
14 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.
14 қазанда Алматы облысының шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
14 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 14 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
14 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 14 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
14 қазанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
14 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күннің екінші жартысында облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 14 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
14 қазанда Ұлытау облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 14 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
14 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
14 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 14 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 қазанда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 14 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
14 қазанда күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 14 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
