Бельгия монархтарының мемлекеттік сапары Алматы қаласында жалғасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды
Фото: Ақорда
217
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан құрметпен шығарып салды.

Астанада өткен жоғары деңгейдегі ресми кездесулер мен мәдени шаралардан кейін мәртебелі меймандар сапарын жалғастыру үшін Алматы қаласына аттанды. Корольдік отбасының Қазақстандағы мемлекеттік сапары оңтүстік мегаполисте жалғасады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.