Бортта 62 жастағы науқас болды.
Көмекке мұқтаж науқас тікұшақпен Қарқаралыдан Қарағандыға жеткізілді
299
оқылды

Ұшақ экипажы әуе кемесі арқылы санитарлық авиация шеңберінде "Қарағанды - Қарқаралы - Қарағанды" бағыты бойынша рейс орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бортта 62 жастағы науқас болды. Тасымалдаудың барлық кезеңінде науқастың жағдайы медициналық мамандар тарапынан үздіксіз бақылауда болды.

Тікұшақ экипажы мен медициналық бригаданың үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде науқас дер кезінде медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды.