Полиция қауіпті дрифт пен жолдағы қатерлі маневрлердің айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.
Жамбыл облысында дрифт жасап, жол ережесін бұзған жүргізуші қамалды
228
оқылды

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала көшелерінің бірінде қауіпті дрифт жасаған BMW көлігінің жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Бұған дейін де ол жол қозғалысы ережелерін және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция қауіпті дрифт пен жолдағы қатерлі маневрлердің айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Жол қозғалысына қатысушылар белгіленген ережелерді сақтап, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.