Балаларға арналған туынды Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын насихаттап, ғұлама хикметтерінде көрініс тапқан адамгершілік құндылықтарды дәріптейді.
Ясауи мұрасы туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
128
оқылды

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Ясауи атамыздың шын қазынасы» атты анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балаларға арналған туынды Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын насихаттап, ғұлама хикметтерінде көрініс тапқан адамгершілік құндылықтарды дәріптейді. Анимациялық фильмнің авторы Сұлтан Байсейіт Ясауитану ғылыми орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, жасанды интеллект көмегімен әзірледі. 

Таныстырылымда музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов жас ұрпаққа Ясауи мұрасын заманауи әрі түсінікті тәсілмен танытудың маңызын атап өтті. Көрсетілімнен кейін оқушылар Ясауидің өмірі мен ілімі туралы сұрақтарға жауап беріп, фильмнен алған әсерлерін бөлісті. Сондай-ақ балаларға естелік сыйлықтар табысталды. 

Туындыны талқылауға ғалымдар, музей қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты. Жоба Ясауи іліміндегі мейірімділік, адалдық, ізгілік пен білімді балаларға кеңінен насихаттауды көздейді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, алдағы уақытта музей-қорық осы бағыттағы танымдық жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.