Алматы облысында коронавирустан қайтыс болған қазақстандық әйелмен байланыста болған адамдардың тест нәтижелері шықты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Тексеру барысында біз облыс аумағында қайтыс болған әйелмен тікелей байланыста болған тағы 7 адамды анықтадық. Олардың барлығы оқшауланып, талдау алынды. 27 наурызда түнде 4 адамның нәтижесі шықты. Корнавирус анықталған жоқ. Дегенмен, олар дәрігерлердің бақылауында карантинде қалады. Қалған 5 адамның нәтижесі кейін айтылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда коронавирустан көз жұмды. Қайғылы оқиғаға дейін ол Шу қаласында болған, кейін құдалыққа Алматыға барып, Нұр-Сұлтанда емделген.