Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі бірдей мемлекеттік қызметші қызметінен айырылды.
Ақмола облысында букмекерлік кеңсеге бәс тіккен екі шенеунік қызметінен босатылды
Фото: iStock
125
оқылды

Бұл деректі прокуратура анықтап, тиісті шаралар қабылданған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, тексеру барысында екі мемлекеттік қызметшінің интернет арқылы букмекерлік кеңселерде спорттық ойындарға бәс тіккені белгілі болды. Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған. Ал екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман қызметін атқарғаны анықталды.

Прокуратураның ден қою шараларынан кейін қос лауазымды тұлға да атқарып отырған қызметтерінен босатылған.

Бұл жағдай мемлекеттік қызметшілердің жеке қаржылық әуестігіне қатысты мәселелердің ғана емес, олардың қызметтік мәртебесіне қойылатын талаптардың да өзекті екенін аңғартады.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.