Семей қаласының Қарағайлы шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, бірінші қабаттағы балконда макулатура мен жиһаздың жанып жатқаны анықталды.
Жоғары температураның әсерінен балконда тұрған бос газ баллонындағы газ тұтанған. Соның салдарынан терезе әйнегі зақымданған.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
