Мемлекет басшысы COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша саммитке қатысуда.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ереванда Никол Пашинян мен Антониу Гутерриш күтіп алды
Фото: Ақорда
235
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы  Meridian Expo and Event  орталығына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

Ауқымды саммит аясында жаһандық биоалуантүрлілікті сақтау, климаттық өзгерістерге қарсы күрес және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер талқыланады. Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның экологиялық саясаты мен халықаралық бастамалары туралы баяндайды деп күтілуде.

COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.