Мемлекет басшысы су ресурстарын басқаруда берік байланыс қажет деп санайды.
Мемлекет басшысы биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құруды ұсынды
111
оқылды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру туралы бастамасына тоқталып, шетелдік серіктестерді аталған іске үн қосуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

– Он жылға арналған бұл бастаманы Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама толықтыра түседі. Құжат табиғи мекендеу орталарын қалпына келтіруді, түрлерді қорғауды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтуді көздейді. Бұдан бөлек, Ұлттық генетикалық биоалуантүрлілік банкін құруға кірістік. Қазақстан аймақтық деңгейдегі табиғатты сақтау шараларына белсене қатысады. Биыл сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтті. Жиын қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы қабылданды. Теңіз маңындағы бес мемлекеттің қолдауымен Қазақстан Каспий теңізінің су ресурстарын сақтауға бағытталған халықаралық бағдарлама қабылдау туралы бастама көтерді, – деді Президент.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ істің бірнеше бағытын айқындады. Мемлекет басшысы су ресурстарын басқаруда берік байланыс қажет деп санайды.

– Өткен жылы Қазақстан БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Бұл бастама Орталық Азия елдеріне ортақ әрі оған мүдделес мемлекеттердің барлығы үн қоса алады. Мақсатымыз – су қауіпсіздігін нығайтып, өзен-көлдер мен сулы-батпақты алқаптардың жай-күйіне тәуелді табиғи экожүйелерді қорғау, – деді ол.