Ратификацияны растайтын құжаттар Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге табысталды.
Қазақстан киберқылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
132
оқылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков бастаған Қазақстан делегациясы T-CY комитетінің 35-ші пленарлық отырысына және «Octopus 2026» халықаралық конференциясына қатысуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пленарлық отырыста баяндама жасап, Қазақстанның Будапешт конвенциясын ратификациялағаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ ратификацияны растайтын құжаттар Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге табысталды.

Бұл қадам киберқылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, тергеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.