Вице-Президент Ерлан Қарин Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесті.
Саяси жүйені жаңартудың негізі
118
оқылды

Кездесу барысында Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен жүзеге асырылған конс­титуциялық реформаның қорытын­ды­ларына айрықша назар аударылды. Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қа­былдануы елді жүйелі жаңғыртудың жал­ға­сы әрі саяси жүйені жаңартудың негізі еке­нін атап өтті.

Вице-Президент конституциялық құн­дылықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағ­дарының негізін құрайтынын жеткізді.