ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды түзеу мекемелеріне кіргізуге тосқауыл қойып, белгіленген режимнің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда
Алатау қаласында ұландықтар тыйым салынған заттарды түрме аумағына өткізуге жол бермеді
200
оқылды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Сағат 12:30 шамасында "Газель" автокөлігін тексеру кезінде 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік кабинасының жақтауына мұқият жасырылған заттарды тапқан.

Тексеру нәтижесінде түрлі маркалы 10 ұялы телефон, 42 SIM-карта және төрт USB-флэш-диск тәркіленді. Бұл тексеру тобының әскери қызметшілері мен мекеменің жедел және режимдік бөлімшелері қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісті нәтижесі.

Аталмыш факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады