Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты
Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты
136
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы Кэти Закарияны қызметке кіріскеніне бес күн өткенде жұмыстан босатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Кэти Закария 9 қазанда Ақ үйдің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, 12 қазанда қызметіне кіріскен. Алайда алғашқы баспасөз мәслихатынан кейін оның кәсіби дайындығы мен біліктілігіне қатысты сын көбейген.

Әсіресе Закарияның заңгерлік біліктілігіне қатысты сұрақтар туындаған. Бұған дейін Трамп оны заңгер ретінде таныстырғанымен, Закария Fox News телеарнасына берген сұхбатында адвокаттық қызметпен айналысуға қажетті емтиханнан өте алмағанын мойындаған.

16 қазанда Дональд Трамп журналистерге Закарияға қызметінде қалу-қалмау туралы қайта ойлануға кеңес бергенін айтты. Президенттің сөзінше, бұқаралық ақпарат құралдары жаңа баспасөз хатшысына тым қатты қысым көрсеткен.

Кейін америкалық ақпарат құралдары Закарияның қызметінен кететінін хабарлады. Осылайша ол Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінде небәрі бес күн жұмыс істеді