Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында Талдықорғанның «Жетісу» командасы Қызылорданың «Қайсар» клубын 2:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ойынның 11-минутында «Қайсар» футболшысы Виктор Мозес есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда алаң иелері таразы басын теңестіре алды. 71-минутта Абзал Абзалов гол соғып, есепті 1:1-ге жеткізді. Араға бес минут салып, Нұрберген Нұрбол жеңіс голын енгізді.
Осылайша «Жетісу» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайға ие болды.
Бұл жеңістен кейін талдықорғандық клубтың еншісінде 25 ұпай болды. Ал «Қайсар» 24 ұпаймен қалды. Екі команда да Премьер-лигадан шығып қалу қаупі бар клубтардың қатарында тұр.
