Жаңаөзенде жеті айлық сәби желдеткіштен ауыр жарақат алды
Жаңаөзенде жеті айлық сәби желдеткіштен ауыр жарақат алды
200
оқылды

Жаңаөзенде жеті айлық сәбидің саусақтары металл желдеткішке түсіп, ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Травматолог-ортопед Нұрсұлтан Асқаров өз әлеуметтік желідегі парақшасында айтқандай, баланың екінші, үшінші және төртінші саусақтарының ұштары зақымданған. Дәрігерлер жарақаттық ампутация анықтап, шұғыл хирургиялық көмек көрсеткен.

Сәби травматология бөліміне жатқызылып, ем қабылдаған. Кейін дәрігердің бақылауында болған.

Маман ата-аналарды балаларды қауіпті тұрмыстық заттардың жанында қараусыз қалдырмауға шақырды.