Билік өкілдері тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарға қатысты шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.
Францияда жаппай наразылық: 272 адам ұсталды
143
оқылды

Францияда тұрмыс құнының қымбаттауына және мемлекеттік қызметтердің сапасына наразы мыңдаған адам көшеге шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

17 қазанда өткен наразылық акцияларына студенттер, оқушылар, кәсіподақ өкілдері және «Сары жилеттер» қозғалысының белсенділері қатысты.

Париж, Марсель, Ренн, Тулуза және басқа қалаларда шерушілер мен полиция арасында қақтығыстар болды. Тәртіпсіздіктер кезінде 272 адам ұсталды.

Наразылыққа білім беру жүйесіндегі мәселелер, мұғалімдердің жетіспеуі, азық-түлік пен жанармай бағасының өсуі себеп болған. Парижде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, орталық көшелерге қосымша полиция күштері орналастырылды.