Атырауда теміржол вокзалын қайта жаңғырту кезінде бес метр биіктіктен құлаған жұмысшының жағдайы ауыр. Ол қазір комада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
1984 жылы туған ер адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқаста церебралды жеткіліксіздік пен жұлын шогы анықталған. Қан айналымы тұрақсыз болғандықтан, оны қолдау үшін арнайы дәрілік препараттар қолданылып жатыр.
Оқиғаға байланысты Атырау стансасындағы көлік полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.
