Финал 19 қазан өтеді
Мерей Базарбаев әлем чемпионатының финалына шықты
188
оқылды

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

57 келі салмақта өнер көрсететін Базарбаев жарысты сенсациялық жеңіспен бастады. Ол 1/8 финалда осы жас санатындағы әлемнің қазіргі чемпионы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен жеңді.

Ширек финалда қазақстандық балуан Франция өкілі Расул Галбораевтан 13:2 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда жапониялық Даито Катсумені 7:0 есебімен ұтты.

Мерей Базарбаев 19 қазан күні таңертең алтын медаль үшін түркиялық Бекир Кесермен белдеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алған. Айбек Айтбеков (60 кг) пен Юсуф Ашрапов (72 кг) әлем чемпионы атанса, Темірлан Тұрдақын (87 кг) күміс жүлдегер болды.