Еркебұлан Тоқтар Марсельмен қарымта жекпе-жек өткізетін уақытты атады
Еркебұлан Тоқтар Марсельмен қарымта жекпе-жек өткізетін уақытты атады
172
оқылды

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулумен қарымта жекпе-жекті желтоқсан айында өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді

Тоқтардың айтуынша, ол желтоқсанда өтетін IBA Nomad турнирінде Марсельмен жұдырықтасқысы келеді. Егер ұйымдастырушылар BNF чемпиондық белбеуін сарапқа салса, қазақстандық спортшы титул үшін күресуге дайын.

Сонымен қатар Еркебұлан 13 қарашада өтетін Octagon турнирінде өзбекстандық Оғабек «Сатурн» Абдумуминовпен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек уулу биыл 29 наурызда Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде кездескен. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қырғызстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен.