АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды
АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды
162
оқылды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысына енгізілген шектеулерге Вашингтонның қатысы жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Рубионың айтуынша, Ақ үй Украина әскері пайдаланатын дрондардың байланыс жылдамдығын төмендету туралы ешқандай бұйрық бермеген.

«Ақ үйде ешкім интернет жылдамдығын төмендетуге немесе белгілі бір дрондардың жүйені пайдалануына кедергі келтіруге нұсқау берген жоқ», – деді ол.

Мемлекеттік хатшы Starlink коммерциялық байланыс жүйесі екенін, ал Starshield АҚШ Қарулы күштеріне арналған әскери жүйе екенін түсіндірді. Оның мәлімдеуінше, Украинаға Starshield жүйесіне қол жеткізуге әзірге рұқсат берілмеген.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Starlink жылдамдығына қойылған шектеулерді әдейі жасалған әрекет деп атаған еді. Оның айтуынша, Украина аумағында байланысқа шектеу қойылғанымен, Еуропалық одақ елдерінде мұндай мәселе байқалмаған.

Украина президентінің қорғаныс технологиялары жөніндегі кеңесшісі Сергей Бескрестнов дрондарға арналған спутниктік байланыста сағатына 160 шақырымдық жылдамдық шектеуі бар екенін хабарлаған. Қазір Украина бұл шектеуді алып тастау жөнінде SpaceX компаниясымен және Пентагонмен келіссөз жүргізіп жатыр.