17 қазанда Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі көлік бір бағытта қозғалып бара жатқан.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы он жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, жол апатының себептері анықталып жатыр
