Жарыс Жапонияда өтті
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
178
оқылды

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Турнирдегі соңғы ойында қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Бұған дейін ұлттық құрама Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберген еді.