Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениеттің дамуына, табиғатқа ұқыпты қарауға және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
20 мыңнан астам ұландық "Таза Қазақстан" акциясын қолдады
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
184
оқылды

Республика күні қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 20 мыңнан астам әскери қызметшісі "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысып, бүкіл ел бойынша әскери бөлімдер мен іргелес учаскелердің аумақтарын тазалап, абаттандырды.

Іс-шара аясында ұландықтар әскери бөлімдер мен іргелес учаскелердің аумақтарын тазалап, жасыл аймақтарда қоқыстарды, құрғақ шөптерді және түрлі қалдықтарды жинады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер тазалық пен тәртіпті сақтауға үлес қосып, абаттандыру жұмыстарын орындады.

Экологиялық бастама жеке құрамды қоршаған ортаны таза ұстаудың ортақ мақсаты төңірегінде біріктірді. Бірлескен жұмыс әскери қызметшілерге аумақтардың жағдайын жақсартуға үлес қосуға, сондай-ақ командалық рух пен ұжымдық жауапкершілік сезімін нығайтуға мүмкіндік берді.

 Ұлттық ұланның акцияға қатысуы мемлекет басшысының бастамасын қолдаудың және әскери қызметшілердің қоғамдық маңызы бар жобаларға атсалысуының кезекті дәлелі болды. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениеттің дамуына, табиғатқа ұқыпты қарауға және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

 "Таза Қазақстан" акциясын қолдай отырып, ұландықтар қоршаған ортаға қамқорлық жасау және туған елдің тазалығын сақтау-әрбір азаматқа ортақ іс екенін растады.