18 қазанда Иран парламенті Мехрдад Эхлаки Кетабчиді қорғаныс министрі қызметіне бекітті
Иранның жаңа қорғаныс министрі АҚШ-қа ескерту жасады
202
оқылды

Иранның жаңа қорғаныс министрі Мехрдад Эхлаки Кетабчи АҚШ елге шабуыл жасаған жағдайда ауыр зардаптарға тап болатынын мәлімдеді

«Олар бізге шабуыл жасауға батылы бармайды деп ойлаймын. Егер шабуыл жасаса, өздері де, бүкіл аймақ та үлкен шығынға ұшырайды», – деді министр.

Кетабчи АҚШ-тың «барлық бомбалардың анасы» атанған GBU-43/B қуатты бомбасын қолдану мүмкіндігіне де тоқталды. Оның айтуынша, Иран мұндай жағдайға қарсы қажетті шараларды әзірлеген. Бұған дейін CNN мен CBS News АҚШ әкімшілігі Иранға қарсы аталған бомбаны қолдану мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған.

Айта кетейік, 18 қазанда Иран парламенті Мехрдад Эхлаки Кетабчиді қорғаныс министрі қызметіне бекітті.