Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысырды, жартылай финалда Францияны ұтты. Сондай-ақ турнир барысында Түркия мен Гонконг командаларынан басым түсті.
Ел намысын Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биыл Жапонияда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ қазақстандық шпагашылар Азия және әлем чемпиондары атанды.
