Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінде екі бала қамалып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді.
Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, бесінші қабаттан төмен түсіп, төртінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді.
Пәтерде болған екі бала аман-есен шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
