Жамбыл облысында балық аулауға барған жасөспірім көлге құлап, тастан ұстап қалған. Осыны байқаған патрульдік полиция қызметкерлері бірден суға секіріп, 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына қала тұрғындарының бірі көлге жасөспірімнің батып бара жатқаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілген. Ол тастан ұстап, өздігінен жағаға шыға алмаған. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген полиция аға лейтенанты Маханбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек бірден суға секіріп, жасөспірімді аман алып қалды. Полицейлер оны алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазір жасөспірімнің жағдайы жақсы.
Полицейлер жеткен кезде жасөспірімнің балық аулау барысында абайсызда суға құлап кеткені анықталды.
