Қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия пара ойындарында 10 метрге пневматикалық мылтық атудың R1 дисциплинасы бойынша чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Паралимпиаданың күміс жүлдегері 249,1 ұпай жинап, Азия пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 паралимпиада ойындарына жолдама алды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.
