Республика күні – Қазақстанда жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін ұлттық мереке.
Республика күні: қазақстандықтар қанша күн демалады?
146
оқылды

Биыл Республика күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн қатарынан – 24 қазан, сенбіден 26 қазан, дүйсенбіге дейін демалады.

Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 күн, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 күн демалыс болады.