Ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүрген екен.
Интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған Қытайдың 13 азаматы ұсталды
фото: баспасөз қызметінен алынды
194
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстан заңнамасын бұзып жүрген Қытайдың 13 азаматын ұстады. Олар халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында ұсталғандардан көптеген компьютерлік техника, мобильді телефон, Starlink спутниктік интернет-байланыс жиынтығы, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылған. 

16 қазанда олар Қазақстан аумағынан әкімшілік тәртіппен шығарылып, одан әрі тергеу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.