Аумақтың батпақты болуы өртті сөндіру жұмыстарына қиындық туғызып тұр.
Жамбыл облысында қураған шөп пен қамыс өртенді
89
оқылды

19 қазанда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Жамбыл ауданы, Аулиекөл ауылы маңында қураған шөп пен қамыстың өртенгені туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқиға орнына ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрылымының және «Азиаттық газ құбырының» күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.

Қазіргі уақытта жануды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Аумақтың батпақты болуы өртті сөндіру жұмыстарына қиындық туғызып тұр.