Ол МузАРТ тобын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
"Концерттен кейін таныстық": Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)
Фото: әлеуметтік желі
142
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева әншімен қалай танысқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жолдасымен алғаш 24 жыл бұрын кездескенін атап өтті. Айтуынша, концерттен кейін әншінің өзі танысуға ниет білдірген.

«2002 жылы Республика сарайында таныстық. Олар концерт өткізді. Концерттен кейін қыздар суретке түсеміз деп жүгіріп бара жатты. Мен «Кіммен суретке түсіп жатыр, неге жүгірді?» деп түсінбей қарап тұрдым. Сол кезде Мейрамбек мені байқап, «Ана қыз неге суретке түсуге келмей тұр? Шақырыңдар» деді. Содан кейін мен де суретке түсейін деп бардым. Содан ары қарай таныстығымыз басталды», – дейді Махаббат Бесбаева. 

Ол МузАРТ тобын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.