Республика күні қарсаңында елімізде мерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді. 17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталып, тауарлар тұтынушыларға төмен бағамен ұсынылады. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алуға болады.
Ұлттық мерекеге орай жеңілдік жасалады
104
оқылды

Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21-27 қазан аралығында болмақ. Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелік жеңілдіктердің басым бөлігі дәл осы күндері өтеді. Азық-түлік пен басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі тумақ.

Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымал сауда орталықтарында өтеді. Мәселен, Астанада Republic Day акциясына MEGA Silk Way, Хан Шатыр, Алматыда  - MEGA Alma-Ata, MEGA Park және Forum Almaty, Шымкентте – Mega Planet пен Shymkent Plaza сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағы арнайы ұсыныстар Magnum, SMALL, Астықжан және GraMad сауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді.

Аталмыш акциялар ұлттық мерекеге орай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған.