3 раунд бойы қос боксшы да жеңіс үшін аянып қалмай, өте шиеленісті айқас өткізді.
Данияр Ақбисенов әлем чемпионатында жеңіске жетті
Фото: ҚБФ
123
оқылды

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кешкі сессияда 60 келідегі Данияр Ақбисенов 1/16 финалда Сандро Капанадземен (Грузия) рингте жолы түйісті.

3 раунд бойы қос боксшы да жеңіс үшін аянып қалмай, өте шиеленісті айқас өткізді. Бокс федерациясы мәліметінше, нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.