Қазақстандық делегация 2026 жылғы 17-21 қазанда Түркияның Трабзон қаласында өтіп жатқан халықаралық жастар кездесуіне қатысып жатыр. Іс-шара Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) аясында ұйымдастырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу қатысушы елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және пікір алмасуға бағытталған.
Мәдени бағдарлама барысында қатысушылар Түркияның тарихи және рухани мұрасымен танысады.
Кездесу жастардың бір-бірінің мәдениетін жақын танып, достық қарым-қатынас орнатуына да жол ашады. Сондай-ақ ортақ тарих пен мәдени құндылықтар негізінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
