Қазақстандық компаниялар Орталық Азиядағы ірі бизнес рейтингінде көш бастады. Жалпы тізімге еліміздің 13 компаниясы енген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Орталық Азиядағы ең ірі 20 компанияның 13-і – қазақстандық компаниялар. Бұған қоса алғашқы жеті орынды отандық бизнес өкілдері иеленді. Рейтингке мұнай-газ және қаржы саласының алпауыттарымен қатар, финтех пен жаңа технология бағытында жұмыс істейтін компаниялар енген.
Көш басында «ҚазМұнайГаз», Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп», Freedom, Halyk Bank, Solidcore және Higgsfield компаниялары тұр.
Рейтинг қазақстандық бизнестің ауқымы кеңейіп, экономиканың әртүрлі саласында ірі ойыншылар қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұрын ел экономикасындағы жетекші орын көбіне шикізат өндіруші компанияларға тиесілі болса, бүгінде қаржы, инвестиция және технология саласындағы кәсіпорындар да өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін танытып отыр.

