Финалда Жұрқамырза Шүкірбеков ирандық Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.
Парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Азия ойындарының чемпионы атанды
235
оқылды

Қазақстан құрамасының парадзюдошысы Жұрқамырза Шүкірбеков Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Финалда Жұрқамырза Шүкірбеков ирандық Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.

Айта кетейік, бүгін, 21 қазанда, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Пара жүзгіш Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

Бұл – Әли Тұрғанбековтің 2026 жылғы Азия Пара ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Зүлфия Ғабидуллинамен бірге 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алған еді.