ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысыр Араб Республикасына ресми сапары аясында әлемдегі ең ірі исламдық ғылыми-ағартушылық орталық – «Әл-Азһардың» Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар дәстүрлі рухани құндылықтарды қорғау, конфессияаралық диалогты ілгерілету және діни білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
