Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күндізгі сессияда 70 келіде фавориттердің қатарына кіретін Камила Оспанова 1/8 финалда Еуропа чемпионы Лорена Хорватпен (Хорватия) айқас өткізді.
Алғашқы минуттан отандасымыздың соққылары қарсыласқа дөп тиіп, уақыт өткен сайын басымдығы артты. Нәтижесінде Камила қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберіп, 3-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
