Кездесуде қоғам өкілдері, тарихшылар, білім және ғылым саласының мамандары мен жастар бас қосып, тәуелсіздіктің тарихи маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтау, заң үстемдігі және ел болашағы алдындағы азаматтық жауапкершілік мәселелерін талқылады. Қатысушылар Республика күнінің қалай келгені жөнінде көзқарастарын ортаға салып, ел болашағындағы ерекше рөлін сөз етті.
Диалог барысында тарихи мұраны ұрпаққа жеткізу, ана тілі мен ұлттық сананы дәріптеу, білімді ұрпақ тәрбиелеу және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру тақырыптары қозғалды.
Қатысушылар егемендікті нығайтуда бірлік, адал еңбек, заңға құрмет және әр азаматтың ел дамуына қосатын үлесі маңызды екенін атап өтті.
