Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Бақытжан Момышұлы мен Юрий Серебрянскийдің «Черная звезда» ертегі-романының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шығарма Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпінде және аудиокітап түрінде жарық көрді.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырман қауым қатысты. Мектеп оқушыларына «Қара жұлдыздың сыры» интерактивті сабағы мен «Бір сұрақ – бір жауап» блиц-ойыны ұйымдастырылды.
Таныстырылымда қатысушылар авторлардың шығармашылығымен танысып, жастарға кітап оқуды дәріптеді. Романның арнайы нұсқалары зағип және нашар көретін азаматтардың әдеби шығармаларды оқып, тыңдауына мүмкін береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
